Basty bet

Спорт нұсқаушыларына арналған семинар-кеңес

Бауыржан Момышұлы ауылындағы балалар кітапханасында «Спорт нұсқаушылардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинарға аудандық Бұқаралық спорттық-іс-шаралар өткізу орталығының директоры Жандос Баетов, орталық әдіскерлері мен медағасы, Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтердің спорт нұсқаушылары қатысты.
Жиынды мекеме басшысы Жандос Баетов ашып, спорт нұсқаушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған жиынның маңыздылығына тоқталып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Одан кейін орталық әдіскері Болат Жаңабаев спорт нұсқаушыларының жұмысын ұйымдастыру, жұмыс жоспарын жасау, жарыс ережелерін дайындау, хаттамаларды әзірлеу, әлеуметтік желімен жұмыс жасау, спорттық секциялармен жұмыс жасау, жарыс кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, спорт нұсқаушыларға әдістемелік құралдар мен спорттық жабдықтар таратылды.
Семинар барысында спорт нұсқаушылары сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close