Basty bet

Жатыр мойны обырының алдын алу

Жатыр мойны обыры-(РШМ) бұл жатыр мойнындағы қатерлі ісік. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының шамамен 1500 жағдайы тіркеледі. Жыл сайын бұл аурумен шамамен 650 әйел қайтыс болады.
Жатыр мойны обыры жыныс жолдары арқылы (тек жыныстық қатынастар арқылы ғана емес) берілетін «адам папилломасының вирусы» немесе АПВ деп аталатын вирустан туындайды. Бұл вирусты әйелдермен қатар еркектер де жұқтырып алуы мүмкін.Қазіргі кезде адам папилломасы вирусының 100-ден аса түрі белгілі, оның екі-16-18- түрі обырмен аурудың 70% себепкер болады.
Жатыр мойны обырымен ауыратын әйелдердің орта жасы 40 пен 50 жас аралығында көп кездесетінін ескере отырып елімізде 30-34-38-42-46-50-54-60-64-68-70 жас аралығындағы әйелдер арасында әр 5 жыл сайын скрининг (мазок жағымды) өткізудеміз. Өйткені жатыр мойны обырының алдын алуға және алғашқы басталу кезеңдерінде емдеуге ауырған әйелдердің жасын ұлғайтуға септігін тигізуде. Соңғы жылдары жатыр мойны обырымен ауыратын әйелдердің саны артуда. Жоғарыдағы көрсетілген жастағы әйелдердің скринингтік тексеруден уақтылы өтулеріңізді сұранамыз!

Қазыхан Есмамбетов,
аудандық орталық аурухананың
маммолог-гинеколог дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close