Basty bet
Саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетеді
Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін Бұқаралық ақпарат құралдарынан толықтай танысып шықтым.
Расыменде осы сайлау науқаны еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетіп, қоғамымызды ұйыстыра түседі деп сенеміз.
Ел Президенті айтқандай, біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйенің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді деген ойдамын.
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асатындығы дұрыс шешім деп білемін.
Руслан АЙТБАЕВ,
«Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалының директоры