Basty bet

Жастар жемқорлыққа қарсы!

“Сыбайлас – жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғыдан қарау “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Осыған орай, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі Көкбастау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы У.Саржанованың ұйымдастыруымен №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты жастармен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында парасаттылық мәдениетін ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Аталған кездесуге Жуалы аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Е.Абдиваитов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің инспектор-заңгері А.Әлімбек, «Жуалы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ұ.Тілікбай, Көкбастау ауылдық округінің іс жүргізу және есеп беру бөлімінің басшысы Д.Қыдырбай қатысты.

Ұлболсын Саржанова,
Көкбастау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close