Ádebıet

Жауынгер-жазушыдан қалған естелік

(Соңы. Басы өткен санда)

Отряд соңындағы Гарфункель мен Рубинчик бастаған топ отрядтың шаруашылығын реттеп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиіс болатын.
Бурный станциясына жетпей табиғат күрт өзгерді. Поезд қалың қарға тұмсық тіреп, жүре алмай да қалған кездері болды.
Отрядтың осы наурыз айының бас кезінде Бурный станциясына келіп тоқтаған сәтін жауынгер жазушының сөзімен берсек ол былай суреттеп жазады:
«Все ближе подвигались мы конечной станции – к Бурному. Уже далеко позади оставлены и фруктовые ташкентские сады, и жаркое солнце, и прозрачное небо. Распутица в этих краях – такое время, когда запасайся и жестким брезентом на слякоть, на дождь и овчинным тулупом – на случай горных буранов и утренных холодов.
Вон – далеко-далеко, за открытой пустынной равниной – сверкают ослепительно в солнечном блеске снежные хребты Тяньшанских гор. До них так близко и так далеко. А впереди по пути будут еще и всякие глиняные топи и буйно прорвавшиеся горные реки, сбитые мосты, величавые скалы, и на горных высотах еще не раз скуют нас прощальные морозы, закрутят последними буранами бешеные ветры гор. Всего будет: об этом пророчат местные знатоки.
Чем дальше от Ташкента, тем выше уходит дорога, и ближе, все ближе к полотну подступают высокие горные скалы. В равнинах снег почти сошел, он остался только на предгорьях и выше – в горах.
Коротко, редко пробивается солнце сквозь повисшие темно- бурые тучи и густые туманы, проникшие к горам. Пасмурно. Холодно. Тихо. Растительности никакой. В этих горных просторах по склоном киргизы пасут свои стада. Возле станции прилипли и наезжие, главным образом русские поселенцы,- их особенно много в придорожных городках.
И здесь до Бурного, пользуясь долгими стоянками, кое – где слезаем, ознакамливаемся с постановкой дела – в совете, в комитете партии, в военном комисариате. Обнажаются печальные и любопытные картины» (Д.Фурманов «Мятеж» Алма-Ата, «Мектеп», 1983. 188 стр).
Жуалы жерінің тосын табиғаты ешкімге таңсық емес. Бұл өлкеде ел «ақборан-көкборан» деп атайтын ақтүтек бұрқасын ақпан айы түгілі наурыздың ішінде де мінез көрсететін құбылыс. Жергілікті жұрт станциясының «Бурный» аталуын осы жауынгер жазушының келуімен байланыстырады.
Дмитрий Фурманов вагоннан секіріп жерге түскенде ұйытқыған желді бұрқасын оның басындағы молда торғай (буденковка) аталатын маңдайында жұлдызы бар бас киімін ұшырып әкетеді. Сол кезде Дмитрий:
– Ух! Какой этот бранный край?! (Апыр-ай! Мына өлке қандай боранды еді?!)-деп таңқалыпты. Сол кездегі шағын орыс переселендері қоныстанған станция осылайша Бурный аталапты дейді. (Бұл Боранды аталуының екінші нұсқасы). Бәлкім, қазақтың «қырықтың бірі қыдыр, мыңның бірі уәлі» – деген осындайда айтылатын шығар. Содан бері нешеме заман өзгеріп, нешеме ұрпақ ауысса да сол станцияның атауы өзгеріссіз әлі тұр. Ал, елдімекеннің атауы Тәуелсіздік таңымен бірге атқан шуақпен бірге өз өлкесінің даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының есіміне ие болды.
Станция төңірегінде шоғырланған кішкене орыс переселендерінен тұратын елдімекенде отрядқа біраз аялдауға тура келді. Өйткені партия комитетіне кіріп алып «өз саясатын» жүргізіп жүрген саудагер, кулактар бар екендігі анықталды. Бұл партия ұйымында үш жүзден астам коммунист бар екен. Үш жарым мың тұрғыны бар елдімекенге бұл көрсеткіш қуантарлық жағдай еді, алайда көп өтпей оның «құпиясы» анықталды. Тексере келе осы ұйымдағы коммунистердің елу шақтысы ғана жұмысшы табының өкілдері екен. Бұл біздің алдағы жұмысымызға үлкен сабақ болды.
Біз келген соң күн райы күрт жылынып, тау қойнауларындағы болмаса жазықтағы қар түгел еріп кетті, сөйтіп көктемнің жылы тынысы айқын сезіле бастады. Отрядқа тез арада, аялдаусыз алпыс-жетпіс шақырымдық жердегі Әулиеатаға жету қажет еді.
Осы кезде отряд тағы бір қиыншылыққа тап болды, ол ат – көлік мәселесі еді. Станциялық комендант: – «Ат жоқ» деген сөзінен танбады. Тек ертеңінде ғана сегіз шақырым жердегі Петровка деген көрші ауылдан екі пар ат жеккен көлік келіп жетті де отряд қозғалып кетті. Ат айдаушы Клим Климич – Харьков маңынан жақында ғана көшіп келген переселен жігіт жер жағдайын білетін, сөзшең екен. Жол-жөнекей әртүрлі тақырыптарда әңгіме өрбіп отырды, ал Клим болса өз пікірін еркін, жасырмай жеткізіп отырды. Батпақты әрі тегіс емес жол бізді әбден мезі етті.
– Күйік тауына жақындаған соң құрғақ жол басталады – деді Клим. Бурный жақтан қараған кезде көзге қораш көрінгенмен көлік табаны құмдақ жолға ілігіп, тау жолы біртін-біртін биіктей берді.
Күйік асуының басына іліккенімізде алдымыздан кең жазық, үлкен кеңістік көрінді. Бурныйдан шыққалы бергі бейнетті, батпақты жол аяқталып иректелген құрғақ, тіпті шаңдақ жол төмен қарай құлдилады. Тау ішінде керемет бір тыныштық орнап, тынысымыз да кеңіп қалды. Жол жағасындағы биік-биік жақпар тастар көзге татар молаларының басына орнатылған ескерткіштерді елестетті.
Асудың арғы етегіне түскен кезде, алдымыздан ескі керуен сарайдың орны кездесті. Ары қарай жазушы сол керуен сарайдың тарихын жазады.
«Бұл жерде бір кезде бай әрі қонақжай жүргіншілер жолшыбай тынығып, тамақтанып, ат-көлігін демалдырып аттанатын Шымбай дегеннің бекеті болған екен. Бір кездері сол керуен сарайдың қожасы ұшты-күйлі жоғалып кетеді де орнына ағайынды туыс інілері келіп ие болады.
Қоңыр күздің бір қараңғы түнінде белгісіз біреулер керуен сарайдан аттанған бай керуенді тонайды. Жанталас, жәрдем сұраған айқай, қырылдаған дыбыс шыққанымен көмекке ешкім бара қоймады. Керуен сарайдағылар таң ертең бес жерде жайрап жатқан өліктерді, тоналған керуенді көреді. «Бұл қарақшылық іске ағайындылардың қатысы бар» – деп ел сезіктене бастайды. Бір күндері олардың қоймасынан өлтірілген жолаушылардың тоны мен заттары табылады. Бұған кектенген ел қоймадағы керосин толы бөшкені дөңгелетіп шығарып, қарақшылардың ұясына айналдыра шашып от қояды. Ағайынды екеуінің қол-аяғын байлап, лаулаған отқа тастайды. Мына үйілген тас сол керуен сарайдың орны»-дейді. Әсте жазушы бұл керуен сарайдың тарихын біреулердің айтуымен жазып алса керек. Сол керуен сарай аталатын жердің орны бұл күнде де сақталған. Күйік асуының шығыс бетіндегі тепсеңде, шағын бұлақтың оң жағалауында, автомобиль жолынан 400 метрдей солтүстікке таман төбешік болып созылып жатқан шағын үйінді тас сол керуен сарайдың орны.
Мұнан әрі жазушы Головочевка аталатын ауылға кірген кезде кулактардың есік-тесіктерін жауып алып, отрядқа нан, сүт сияқты азық-түлік беруден бас тартқандығын, онан соң табаны тастақ, ағыны қатты Аса өзенінен қалай өткендіктерін, онан кейін жазық далалық жолмен кештетіп Әулиеатаға жеткендігін тәптіштеп баяндайды (Біз Дмитрий Фурмановтың «Мятеж» романында жазылған жәйттерді желісіне қарай ықшамдап аударма жасап, Бурный станциясынан Әулиеатаға дейінгі аралықтағы оқиғалардың қажетті жерлерін алып пайдаландық).
Дмитрий Фурманов бастаған отрядтың осы Бурный мен Әулиеата аралығындағы өткен сапарын жазушы Кәрім Баялиев өзінің «Жаңарған Жамбыл өлкесі» атты еңбегінде де баяндайды.
Сонау жортуылды жылдардан тарихта қалған ескерткіш ретінде, жауынгер жазушы Дмитрий Андреевич Фурманов бастаған отрядтың жүріп өткен ізінің белгісі ретінде, Жамбыл ауданының Айша бибі ауылының (бұрынғы Головочевка) дәл ортасындағы мәдениет үйінің алдында Фурмановқа еңселі ескерткіш орнатылып, орталық көшеге есімі берілді. Бұл ескерткіш 1998 жылғы дейін тұрды да, кейін алынып тасталды, ал көшеге «Жібек жолы» деген ат берілді.

Дәулетжан БАЙДАЛИЕВ,
өлкетанушы,
жазушы

Таңдаулы материалдар

Close