Ádebıet

Алдаспан

Парақталған ғасырлардың әмірі,
Жоғын жоқтап, зарын шерткен мұңлықтың.
Өткірлігі – қорғансыздың қаруы,
Әділдігі – қолтаңбасы шындықтың.

Арманды елдің жаны теңіз, ары алау,
Саған айтар болашақпын датымды.
Даналардың өздеріндей даралау,
Бабалардың сөздеріндей ақырғы.

Қалың елдің қасиетті сүйеуі,
Өктем басып, өрге тартқан Отанды.
Аналардың ақ шашындай киелі,
Әкелердің жүрегіндей қаһарлы.

Із қалдырып ізгіліктің түбіне,
Ұрпақтарға керуен тартқан атадан.
Құдіретті үш кітап бар тіріге,
Құран, тарих, һәм айбынды Ата Заң!

Бақытына уақыты таласқан,
Қастерлеген ұлылардың ұрпағы.
Тәукелердің жолдарындай тау асқан,
Ол – заңдардың шежірелі сұлтаны!

Тәуелсіздік көк пен жерге сән құрды,
Ол – бүгінім,
Ол – ертеңгі заңдылық!
Туғаны жоқ тура бидей тағдырлы,
Тура бидің тағдырындай мәңгілік!

Нұржан ҚАДЫРӘЛІ,
ақын.
Облыстық “Araı” газетінің бөлім меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close