Ádebıet
Мың алғыс, дәрігерге!
Бүгінгінің қаһарманы – дәрігерлер,
Өмірге тіршіліктің нәрін берер.
Арпалысып ажалмен күндіз-түні,
Солар ғой нағыз ерлер, жауынгерлер.
Төгер шақта нұрын жерге көктен күн
Дәл кезінде жасыл желек көктемнің,
Көрінбейтін тажалменен айқасып,
Көпке мәлім, қандай еңбек еткенің.
Қалдырып өз тірлігін, ошақ қасын,
Балаларына телміртіп босағасын.
Басқалардың өмірін жүр күзетіп,
Бір Аллаға тапсырып, өз отбасын.
Өз жайыңа жүрсіңдер бұрылмастан
Сендер жайлы жазылады небір дастан,
Мылтығы жоқ майданда алғы шепте,
Келесіңдер індетке құрық тастап.
Өз жанын салған қатер-әбігерге,
Абзал жан, жарық сәуле, жалын кеуде.
Бүгінгінің жанкешті батырлары,
Мың алғыс айтайықшы, дәрігерге!
Бұл індетті жеңеміз!
Бар әлемге әкелетін мұң-қайғы
Кім есітіп, кім көріпті мұндайды?
Қарсы тұрып, күш салса да бар алып,
Бара жатыр жер-жаһанға таралып
Алғашқыда кеткендей ек теңселіп…
Тез ес жидық, белді буып, белсеніп.
Сақтық жасап, жұдырықтай жұмылсақ,
Бұл індетті жеңеміз біз еңсеріп.
Биліктегі азаматтар тау тұлға,
Ел жағдайын ойластырып, қамтуда.
Дәрігерлер арпалысып ажалмен,
Берік олар өз ісіне, антына.
Қайран халқым, не өтпеген басыңнан?!
Бәрін жеңдік, өтіп талай ғасырдан.
Ел едік қой мың өліп, мың тірілген,
Өз мерейін үстем етіп асырған.
Уақытша тоқтап тойымыз да, сәндік те,
Тазартылып жатыр көше, әр нүкте.
Үйден шықпай бұл тажалды жеңерміз,
Бас игендер құл болмайды тәртіпке.
Төрт қабырға… қамалдым деп қамықпа,
Кітап оқы, тігін тігіп, жалықпа.
Бұл індетті біз бір болсақ жеңеміз,
Бәрі түсер бәз-баяғы қалыпқа.
Қабыл болар ақ тілегі ананың,
Ақ арманы орындалсын баланың.
Аты жаман бұл індеттен тазарып,
Еш жерінде дақ қалмасын даламның!
Әлия Жақсыбекова,
зейнеткер-ұстаз.
Көлтоған ауылы
Егемен елге
тілерім дәйім Тыныштық!
Дүние жүзін өзіне елең еткізіп, қаратар,
Індетті кесел жұқпалы ауру таратар.
Зұлматты талай өткізген менің жеріме,
Арайланып, шұғылалы сәуле таң атар.
Аналар жүрсін сәбиін иіскеп, күнім деп,
Аты жаман індет жүрмесін қайта ұрын кеп.
Бүгінгі жағдай өтеді Тәңір қаласа,
Қара бұлттан соң көрінер күнім күлімдеп.
Ұлы даламның тәуелсіз болып тұр күні,
Көрсетіп жұртқа сабырлық пенен үлгіні.
Еңсемізді биік көтеріп,
Жұрт болып бірге жұмылсақ,
Бұл қиын жағдай ұмытылады бір күні…
Көктемде табиғат та кетер жайнап,
Қуанышқа кенеліп ауыл-аймақ.
Ақ жауынмен жуылып кетер бәрі,
Шығыстан атады әлі таң арайлап.
Ұлы далама шашылсын келіп ырыс-құт,
Бір Аллам өзі реттейді бәрін дұрыс қып.
Талай сынақты сабырмен жеңген халықпыз,
Егемен елге тілерім дәйім Тыныштық!
Сәкен ҮСІПБЕКОВ,
Б.Момышұлы ауылының тұрғыны