Basty bet

Ұлттық ойындар ұлықталды

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Қызыларық ауылдық округіндегі жастар ісі жөніндегі инспекторы Назерке Тұрғынбайдың ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе тірек мектебінде ұлттық ойын түрлерінен жастар арасында спартакиада өтті.
Шараға аудан жастарынан құралған 11 команда қатысты. Қатысушылар асық ату, арқан тартыс және қапшықпен секіру сынды ұлттық ойын түрлері бойынша бақ сынасты.
Жеке сайыстар бойынша үздік шыққан командаларды атап айтар болсақ, «Қапшықпен секіру», «Асық ату», «Арқан тарту» сайыстары бойынша үздік командалар қатарынан М.Ломоносов, М.Жұмабаев атындағы және Күреңбел орта мектебінің командалары көрінді.
Ал, командалық есеп бойынша, I орынды Нұрлыкент ауылдық округінің М.Ломоносов атындағы орта мектебі, II орынды Күреңбел ауылдық округінің Күреңбел орта мектебі және III орынды Б. Момышұлы ауылының М. Жұмабаев атындағы орта мектеп иеленді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close