Basty bet
«Ажырасу мәселесіне ерекше мән беруіміз керек»
Қоғамда өршіп тұрған мәселенің бірі – ажырасу. Себебі Қазақстанда әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады.
Ұлттық құндылықтардан ажырап бара жатқандықтан отбасылардың ойраны шығып, ажырасу жылдан жылға көбейіп, арадағы бала тағдыры тәлкекке түсіп жатыр. Дәстүрлі қазақ отбасында ажырасу деген мүлдем болмаған. Осы үрдістің бұзылуына түрлі тарихи оқиғалармен қатар әлеуметтік жағдай әсер етіп отыр дейді мамандар.
Бірақ тіркелген ажырасуға қатысты бұл деректерге күдікпен де қарауға болады. Өйткені елімізде өтірік ажырасатындар да аз емес. Жалған ажырасуда оның астарында қитұрқылықтар жатыр.
Жалған ажырасушыларды әшкерелеу жолы бар. Жалған ажырасушыларға нақты бірде-бір заңмен шектеу қойылмағанын белгілі. Себебі шын ажырасқан адамдар бір шаңырақтың астында тұрмайды, бірге қонаққа бармайды, бала тәрбиесімен бірге айналыспайды. Яғни бірге жүріп, бірге өмір сүрмейді.
Ауданымызда сот және аудандық әкімдік бірлесе отырып отбасылық құндылықтардың маңыздылығы тұрғысында әртүрлі іс шаралар жүргізуде. Олардың ішінде Билер кеңесі мүшелерінің отбасы құндылықтары және жастардың қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауы туралы бағыттарда атқарылған іс шаралары болып отыр.
Аудандық әкімшіліктегі «Бастау» жұмыс тобының әрекетімен ерлі-зайыптыларды ажырасудан бас тартқызып татуластыруға шақырып, шаңырақтағы қақтығыстарды бітімгерлікпен реттеу жұмыстар атқарылуда. Бұл бір жағынан жергілікті тұрғындарды отбасына деген жауапкершілікті сезіндіреді. Оған қоса, «Отбасылық сот» жобасы шеңберінде, Жуалы аудандық сотында осы «Бастау» жұмыс тобымен бірлесе жұмыстарды жалғастырыруда.
Мысалы, 2023 жылдың 4 айында неке бұзу бойынша қаралған 58 талап арыздың 9-ы татуласумен аяқталған, 20-сы қанағаттандырылған, 29-ы қаралуда. Ауданымызда сот тарапынан ерлі-зайыптыларды татуластыруға жұмыстары әлі де жалғаса бермек.
Қоғамда қазіргі таңда ажырасу мәселесіне жастар уайымшылдықпен қарамайды, бала әкесіз, анасыз қалай өседі деген ойлар мазаламайды. Қазақтың дәстүрінде бұрын-соңды болмаған көзқарастар қалыптасып жатыр. Бала, ұрпақ, болашақ деген ұғым жоғалып бара жатқан сияқты.
Отбасында бірінші құндылық бір-бірін сыйлау, бағалау, сабырлықты сақтау, өздеріне қатысты сыпайылықты жоғалтпау, сол кезде ғана шаңырақты сақтап қалуға мүмкіншілік бар.
Шаңырақтың қазығы қуатты болу керек, оған барлығымыз келешек ұрпақтардың алдында жауаптымыз!
Ирина Қожабаева,
аудандық сот
әкімшісінің бас маманы-
сот отырысының хатшысы