Basty bet

Еске алу турнирі

Шақпақ ауылдық округінде №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің акт залында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Дүйсембиев Жанайдар Дәулетұлын еске алуға арналған гір тасын көтеруден аудандық турнир ұйымдастырылды.
Жанайдар Дүйсембиев Шақпақата ауылының түлегі. Жанайдар Дәулетұлы қарапайым көпбалалы отбасында өсіп, жастайынан ауылдың тұрмыс-тіршілігіне етене араласып, гір спортымен айналысып, оның дамуына өз үлесін қосты. Сонымен қатар, «Дені саудың – жаны сау»,-демекші спорттан қол үзген жоқ. Көкпар, аударыспақ бокс және күрес гір спорты сайыстарына қатысып, бірнеше рет жүлделі орындар мен марапаттарға ие болған. Жанайдар ағаның өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ол өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан. Дүйсембиевтер отбасының тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Жанайдар ағаны ұрпақтары мәңгілік есте сақтайды. Әке жолын куған Ақпан Жанайдарұлы қазіргі таңда Шақпақ ауылдық округіндегі жас спортшылардың өсіп-жетілуіне атсалысуда. Еліміздің көк туын желбірететін буынның қалыптасатындығына ерекше септігін тигізуді мақсат еткен.
Кіл мықтыларды анықтайтын бәйгеге қатысушылар төрт түрлі 55, 60, 65, 75 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, шеберлік деңгейлерін дәлелдеді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Нәтижесінде 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Ислам Аман (Көлбастау ауылы) Күміс жүлделі жеңіп алған Нұрасыл Қалмахан (Шақпақ округі) қола жүлденің иесі Алдияр Бағызбай (Б.Момышұлы ауылы) 60 келіде жеңімпаз атанған Нұралхан Баймұхан (Нұрлыкент округі) күміс жүлде иесі Ғапар Ғалым (Б.Момышұлы ауылы) қола жүлдені жеңіп алған Нұрислам Мейзхан (Шақпақ округі) 65 келі салмақ нәтижесінде І орын Диас Аман (Б.Момышұлы ауылы) ІІ орын алған Нұрболат Мадуан (Шақпақ округі) ІІІ орын иеленген Махамбет Мұратбай (Нұрлыкент округі) 70 келі салмақта жеңімпаз атанған Дамир Рақымбек (Б.Момышұлы ауылы) ІІ орын иеленген Ернұр Суфан (Б.Момышұлы ауылы) ІІІ орынға тұрақтаған Қуаныш Абишев (Шақпақ округі) жеңімпаз атанды.
Турнирдің жеңімпаздарын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары құттықтап, алдағы уақытта да спорт түрлерінің биік шыңынан көрінетіндеріне сенім білдірді. Ақылды күшке салатын сынға қатысқан спортшыларға ақшалай жүлде мен Дипломдар табысталды. Жарысқа келген қонақтар білегінің күші мен мықтылығын көрсеткен қатысушыларға алда өтетін жарыстарда биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдірді. Турнирдің өтуіне бауырлары, ағайын-туыс дос-жарандары өз септігін тигізді. Жарыс соңында Жанайдар ағаның үйінде құран бағышталып көрші-қолаңға ас таратылды.

Ақжан Ілиясұлы,
Шақпақ ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close