Basty bet

«Қарызсыз қоғам» жобасы іске қосылды

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан «Amanat» партиясы, «Қазақстан Халық банкі» және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасын іске қосты. Жоба ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған. Ал жобаның негізгі мақсаты жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
«Қарызсыз қоғам» жобасы Жетітөбе ауылдық округінен екінші мамырда бастау алған болатын. Оқыту жұмысы Жетітөбе, Нұрлыкент және Б.Момышұлы ауылдарында жүргізілді. Бүгінде бас-аяғы 180 адам оқыту курсынан өтті. Оқу процесінің ұзақтығы – 5 жұмыс күні. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 80 мыңға жуық ауылдық елді мекендердің тұрғындарын оқыту жоспарлануда. Қаржылық сауатты оқытуға арналған курсқа несие бойынша берешегі бар борышкерлер, ағымдағы несиелерінде кешіктірулері болуы мүмкін тұрғындар, жеңілдетілген несие алып ісін бастағысы келетін кәсіпкерлер қатыса алады.
Қаржылық сауаттылық әр адамға қажет. «Жасыратыны жоқ, көп отандасымыз қаржыны қалай басқару керек екенін, «несие» ұғымының астарында не жатқанын нақты біле бермейді. Соның салдарынан, қаржылық сауаты төмен адамдар қарызға белшесінен батып жатады,- дейді сарапшы маман Нұрлан Дулатов. «Қарызсыз қоғам» жобасына қаржылық сауатымды жетілдіру мақсатында, менде қатысып қайттым. Жобаға қатысушылардың саны көп. Ауыл тұрғындары оқу процесіне белсенді қатысып отырды.
Аталған жоба аясында өткізілген семинардың алғашқы күні тұрғындарға «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты, қаржыны тиімді жұмсау, бизнес жоспарды қалай даярлау керек екендігі айтылды. Сондай-ақ, мамандар бизнес жоспарды үйретіп қана қоймай, бірлесе бастаған жұмыстарын жыл соңына дейін сәйкесінше көмек беретін болады. Қаржы мамандарының дәрісімен қатар, оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетілетініне кепілдік берілетінін айтты. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді.
Оның айтуынша, алғашқы аптаның нәтижесін көріп, халықтың жобаға деген жоғары қызығушылығын байқадым. Осылайша, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған сабақтың ауыл тұрғындарына қаншалықты қажет екеніне көз жеткіздім. Демек, алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылады деп сенміз деді ол. Оқуға әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайы әртүрлі адамдар қатысты. Айта кетсек, ауыл тұрғындарының ішінен, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, дәл қазіргі уақытта қарызы бар және төлем жасау мерзімін өткізіп алған азаматтар, сондай-ақ несие қарызы бар және борышкерлер тізімінде тұрған тұрғындар қатысты. Бес күнге созылған семинарда қатысушылар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау керек екенін білетін болды. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер өз бюджетін қалыптастыру тәртібіне, салық есеп-қисабын ұсынуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қаржыландыру шартына қатысты құнды ақпарат алды.
Халықтың қаржылық сауатсыздығына байланысты жиі кездесетін проблемалардың қатарына алаяқтықтың өсуі жатады. Алаяқтар қаржы мәселелерінен хабары жоқ азаматтарды түрлі тәсілдермен алдауға тырысады. Борышкерлердің қатарында алаяқтарға пин-код, карта нөмірін және басқа деректерін беріп, сан соғып қалатындары да бар. Маманның сөзінше, мұндай жағдайлар қарыз алушылардың күнделікті өмірінде жиі кездеседі. Бұдан бөлек, бұл жоба өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бизнесті несиелендіруге, жаңадан кәсіп бастағысы келетін азаматтарға бизнес жоспарды көрсетіп, үйретуге үлкен мүмкіндік
Жоба аясында алынған білім өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етіп, ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады деген ойдамыз.
Анар Тіленшиева,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close