Basty bet
«Ұлттық жоба» аясында іске асырылатын жобалар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, “Алғашқы жұмыс орны”, “Ұрпақтар келісімшарты” және “Күміс жас” жобалары іске асырылуда.
– “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша қатысу мерзімі – 18 ай. Қатысушылар: жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар (әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар).Еңбекақы мөлшері – 30 АЕК (2023 жылы-103500 теңге).
– “Күміс жас” жобасы бойынша қатысу мерзімі – 36 ай. Қатысушылар: 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар және зейнеткерлiк жас алдындағы зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған адамдар басым құқығын пайдаланады. Еңбекақы мөлшері: 1) бірінші 12 айында Халықты жұмыспен қамту орталығы жалақы мөлшерінің 70% субсидиялайды (30 АЕК-тен аспайды), қалғанын жұмыс беруші төлейді (2023 жылы – жалпы 132000 теңге)
2) қатысудың 13 айынан бастап 24 айына Халықты жұмыспен қамту орталығы жалақы мөлшерінің 65 % субсидиялайды (30 АЕК-тен аспайды), қалғанын жұмыс беруші төлейді (2023 жылы- жалпы 132000 теңге);
3) қатысудың 25 айынан бастап 36 айына дейін Халықты жұмыспен қамту орталығы жалақы мөлшерінің 60% субсидиялайды (30 АЕК-тен аспайды), қалғанын жұмыс беруші төлейді (2023 жылы- жалпы 132000 теңге).
– “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы бойынша қатысу мерзімі – 6 айдан аспайды. Қатысушылар: оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының түлектері. Еңбекақы мөлшері – 30 АЕК-тен аспайды (103500 теңге).
– Әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде құрылатын уақытша жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Еңбекақы мөлшері -85000 тг, халықты жұмыспен қамту орталығы 35 % субсидиялайды(29750 тг. жұмыс берушінің есепшотына аударылады).
– Ақылы қоғамдық жұмыстарды – халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады. Қатысушылар: арнайы білімі жоқ, жұмыссыз азаматтар, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар. Еңбекақы мөлшері – 30 АЕК – тен аспайды (103500 теңге).
– Жастар практикасына қатысу мерзімі – 12 айдан аспайды. Қатысушылар: арнаулы оқу орнын немесе жоғарғы оқу орнын аяқтаған 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Диплом мерзімі 3 жылдан аспауы қажет, жұмыс орнына мамандығына сәйкес жолданады. Еңбекақы мөлшері – 30 АЕК (103500 теңге).
– Қысқа мерзімді кәсіптік оқу – 18-63 жас (әйелдер 61 жас) аралығындағы жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ұсынылған мамандығы бойынша 3 ай оқу орнында білім алады. Стипендия – (2023 ж.- 21787 теңге); пәтерақы- 10 еселік АЕК (2023 ж.- 34500 теңге); жол жүру шығындары – 4 еселік АЕК (2023 ж.- 13800 теңге), медициналық тексеру- 2 еселік АЕК (2023 ж.- 6900 теңге). Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды сәтті аяқтаған жұмыссыз азаматтар мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа жолданады.
Білім беру ұйымдарын Тізілімге енгізу тәртібін “Атамекен” Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы айқындайды.
– Жұмыс берушілерде кәсіптік оқыту – үміткер жұмыспен қамту орталығынан жолдама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге Оқыту мәселесі бойынша жүгінеді. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүгінген үміткерлерді Оқуға қабылдайды және үміткерлермен Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шартын жасайды. Оқу кезеңінде жұмыссызға жалақыны жұмыспен қамту орталығы төлейді. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде 20 (жиырма) АЕК-ті құрайды (2023 ж. – 69000 теңге).
– Ұлттық жобалар бойынша «Жұмыспен қамту өңірлік картасы» аясында ауданда іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға (құрылыс, жөндеу жұмыстарына), инвестициялық жобаларға ниет білдірген жұмыссыз азаматтар тұрақты және уақытша жұмыстарына жолданады. Қосалқы жұмыскерлерге еңбекақы мөлшері – 70 000-200 000 теңгеге дейін, тәжірибелі жоғары кәсіби жұмыскерлерге – еңбекақы мөлшері жұмыс көлеміне сәйкес жұмыс берушімен келісім бойынша төленеді.
– Жұмыс күші тапшы өңірлерге (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары) ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына ниет білдірген азаматтар қатысу тәртібі мен шарттары жөнінде толық ақпарат алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті консультация алулары қажет (немесе ережелерімен Интернетте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №57 бұйрығы “Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №515 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» танысуға болады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беріледі;
Материалдық көмекті төлеу тәртібі- Өңіраралық қоныс аудару шеңберінде жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін қандастар мен қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғыз басты адамдарға материалдық көмек беріледі;
Экономикалық ұтқырлық сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем ретіндегі материалдық көмек. Экономикалық ұтқырлық сертификаты келу өңірінде тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үйді сатып алу кезінде қандастар мен қоныс аударушыларға беріледі.
Көшу шығыстарын өтеу бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде беріледі. (2023 жылы – 241500 теңге).
Көшу шығыстарын өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:
қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
1) бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде (2023ж. – 69000теңге);
2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде (2023ж. – 86250теңге);
3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде (2023ж. – 103500 теңге) төленеді;
ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
1) бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде (2023ж. – 51750 теңге);
2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде (2023ж. – 62100 теңге) ;
3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде (2023ж. – 72450 теңге) төленеді;
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына тиісті нысан бойынша өтініш береді.
Жалдау шартына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жалдамалы/қызметтік тұрғынжай ұсынылса көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төленбейді;
Материалдық көмек өтініш квотаға енгізілген кезден бастап алты айдан кешіктірілмей берілген жағдайда ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталығы материалдық көмекті беру туралы шешімді өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Халықты жұмыспен
қамту орталығы