El іshі
15 жас жұмыспен қамтылды
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.Шараның мақсаты – аудандағы жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыссыз NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту.
Жәрмеңкеге «Жұмыспен қамту орталығы» директорының орынбасары Нұрлан Әнуарбеков, 29 жұмыс беруші мекеме және БАҚ өкілдері қатысты.
Бос жұмыс орындар саны – 69 орын.
Жиынды «Жұмыспен қамту орталығы» директорының орынбасары Нұрлан Әнуарбеков және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мейіржан Телеушов ашып, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысты заңдылықтарға кеңінен түсінік берді.
Жәрмеңке қорытындысында сегіз жас тұрақты жұмысқа және жеті жас «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа жолдама алды.
Мәселен, №2 Балалар өнер мектебіне Аружан Қуанышбай, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі мамандығымен Маржан Ағабек, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде Елеу Құрманбаев, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып Кәмшат Тұран, биология пәнінің мұғалімі мамандығымен Ұлжан Молдалиева, №1 мектеп-гимназияға электрик маманы ретінде Ринат Баймахамбет, №2 Мыңбұлақ орта мектебіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Шолпан Тәжібай, «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасау маманы ретінде Мақпал Құдайбергенова, «Бурный сүт компаниясына» жұмысшы болып Абдыбаттар Рұсқұл тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Ал, «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасымен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бекболат Мəлібек – №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке, маман Досымжан Досай «Ырыс» ЖШС-не, электромонтер Ұлан Тілікбай – «Қазақтелеком» мекемесіне, мейірбеке Индира Бекімбетова – аудандық орталық ауруханасына, маман Досымбек Құдайберген – Көкбастау ауылдык округі әкімі аппаратына, маман Жанболат Сұлтан – Бауыржан Момышұлы ауылдық округі әкімі аппаратына, маман Ришад Қалтай – Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратына жолдама алды.
Жұмыс берушілер мен жұмыссыз жастар арасында әңгімелесу жүргізіліп, түйінхаттар тапсырылды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан жастар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, алдағы уақытта тұрақты өтіп тұруын өтінді.
Жанболат Мұсақұл,
«Жастар ресурстык
орталығының» маманы