Basty bet

“Ашық есік күні” – ата-аналарға

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аумағында «Көктем-2023» шақырылымындағы сарбаздардың ата-аналарына «Ашық есік күні» өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – соңғы кезде әскерде болып жатқан келеңсіз жағдайларды ескере отырып, келешекте сондай жағдайлардың алдын алу және Шекара қызметі лауазымды тұлғалары мен сарбаз ата-аналарының арасындағы сенімді қарым-қатынасты құру болып табылады. Аталған іс-шарада ата-аналар балалары қызмет атқаратын бөлімшенің тұрмыс-тіршілігімен танысып, өз көздерімен тамақтануын, қызмет орынын өз көздерімен көріп, көз жеткізді.
Ата-аналар Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшыларына көкейде туындаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Іс-шарада сарбаздар ата-аналарға өздерінің өнерлері мен жауынгерлік ұрыста қолданылатын әдістерін көрсетті. Шараның соңы мерекелік бағдарламамен жалғасты. Сарбаздардың ата-аналары Шекара қызметінің басшылығына ризашылығын білдіріп, Шекара қызметіне сенім артатынын жасырмады. Мұндай шаралар ата-аналар мен Шекара қызметі лауазымды тұлғаларының қарым-қатынасын нығайтуға жол ашпақ әрі сарбаздардың Отан алдында борышын алаңсыз атқаруына септігін тигізеді.
Шекара қызметі халықпен тығыз қызмет атқарады, сол себепті, сарбаздарға қатысты халыққа қолжетімді ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің
Жамбыл облысы бойынша департаменті

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close