Basty bet
Жастарға тұрақты жұмыс болса
Қазіргі кезде еліміздегі, әсіресе ауылдардағы жұмыссыздық – маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі.
Ауыл аймақтарда шаруа қожалықтарда негізінен маусымдық жұмыстар ғана бар. Сондықтан жастар ауылдық жерден кетуге мәжбүр. Тіпті, қала асып, шет мемлекеттерге де күнкөріс қамы үшін жұмыс істеуге кетіп жатқан жастар бар. Мәселен, Корея Республикасына еліміздегі әрбір қазақстандықтың ішінен кем дегенде 100 жас сол елге барып, елдегі отбасын бағуға, жағдайын түзетуге мәжбүр. Шет ел асып жұмыс істеп, отбасын асыраушылардың күрт өсуі ол елдерде үлкен кәсіпорындардың, өнеркәсіптің дамығандығында. Тіпті жеке жылыжайларда, өндіріс орындарында ауыр жұмыс істеп, жан бағып отырған көптеген жас отбасылары бар. Себебі, ол жерлердегі жалақының көптігі, мамандарға деген сұраныстардын көп болуы қызықтырады. Ал біздің елде бір бөлмелі пәтер алу үшін бес жыл тіпті одан да көп жылдар бойы белгілі бір қызметте жұмыс істеу қажет.
Шет елде жұмысқа кетуші жастардың жыл санап көбеюі алаңдатарлық жағдай. Еліміздегі жастардың жұмыссыздық көрсеткіштерін жою үшін түрлі кәсіпорын, фабрика, зауыттар болса немесе тұрақты жұмыс күштеріне тартса жастар жағы білек сыбанып кірісері анық. Өзіміздің елде отандық өнімдерді көптеп шығаратын кәсіпорындар ашылса, жалақыны жоғары көтерсе, жоғары оқу орнын бітіретін жас мамандар өз мамандығына сәйкес жұмыстарға кіру мүмкіндіктері жасалса деген ой-пікір мені де алаңдатады.
«Өзге елде сұлтан болғанша – өз еліңде ұлтан бол» деп текке айтпаса керек. Отбасының жанында, өз еліңде, өзің сүйіп таңдаған мамандықпен жұмыс істеу – үлкен бақыт. Өз еліне адал қызмет етуге ниетті жастар қатары көп болсын!
Сагина АБДРАМАН,
М.Х.Дулати университетінің журналистика
мамандығының ІІ курс студенті