Basty bet

Бес отбасына қайырымдылық жасалды

Құрбан айт мерекесіне орай Жамбыл облыстық «Қызыл-ай» қоғамы және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның аудандық филиалының ұйымдастырумен тұрмыс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты қариялардың отбасына қайырымдылық ретінде сиыр еті таратылды.
Қариялардың дені кезінде ауданның дамуына және өсіп-өркендеуіне әр салада ұзақ жылдар еңбек сіңірген азаматтар. Тағдырдың жазуымен қазіргі таңда жалғыз тұратын қариялардың жай-күйін, денсаулығын және тұрмыс жағдайымен танысу және Құрбан айт мерекесімен құттықтауға барған азаматтардың басты мақсаты – шын мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау арқылы көптің алғысын алу, көмекке мұқтаж азаматтарға қарайласып, жәрдемдесу.
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның аудандық филиалының төрағасы Сейітхан Жұмашев және әкелер алқасының төрағасы Әбуғали Ералиев бастаған топ ардагерлерге қайырымдылық заттарын таратты. Сонымен қатар қайырымдылық жасаушы топтың құрамында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері де бар.
Құрбан айт мерекесінде жасалған игі шараны ұйымдастырушыларға ардагерлер алғыстарын айтып, ізгі тілектерін жеткізді.

Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close