Basty bet
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған нәтижелі жұмыстар
Заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жою прокуратура органдарының міндеттерінің бірі болып табылады.
Аудан прокуратурасымен аудан аумағында жер мәселесі бойынша игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару мен жайылым жерлердің жетіспеушілігінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп, 90 мың гектар жайылым жетіспейтіндігі анықталып, жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мал басына шаққанда қажеттілік 47,0 мың гектарға дейін азайды. Бүгінгі күнге жыл басынан прокурорлық актімен кадастрлық құны 2 329 500 теңгелік 180 га 3 жер телімі мемлекетке қайтарылды.
Аудан прокуратурасымен атқарылған жұмыстарының нәтижесімен заңдылықтың бұзылуын жою туралы 14 ұсыну енгізіліп, 39 тұлға тәртіптік және 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 862 500 теңге айыппұл өндіріліп, 5 наразылық қанағаттандырылды, 4550 тұлғаның (о.і. 2 158 конституциялық), оның ішінде 72 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Мемлекетке 5 408 526 теңге залал өтелді және 7 388 500 теңгеге мүліктер қайтарылды.
2158 тұлға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, конституциялық құқықтары қорғалды. Аудан аумағындағы 39 мектептерге бекітілген 4 мобильдік топтармен 40-тан аса факультатив сабақтары өткізілді. Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 1 мекемеаралық жиналыс өткізіліп, өзекті мәселер талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.
Экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау және активтерді қайтару мәселесі бойынша енгізілген 2 ұсынумен 5 059 000 теңгеге «Спорт зал» ғимараты және 2 788 605 теңгеге мәдениет үйі ғимараты қайтарылды.
Ағымдағы жылы мемлекет пайдасына айыппұлды өндіру пайызы, 65,4% құрады. Аудан прокуратурасының бастамасымен аудан аумағында ақпан және наурыз айында айына 2 рет «Борышкер» акциясы өткізіліп, Тараз қаласынан арнайы автоураган автокөлігі шақырылып, мемлекет пайдасына 4 млн. теңге, ал атқару өндірісі бойынша 2,4 млн. теңге өндірілді.
Бұдан басқа аудан прокуратурасымен заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1 азаматтың және аудандық полиция бөлімінде 3 сағаттан артық ұсталған 3 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
Сондай-ақ, есептен жасырынған 1 қылмыстық іс аудан прокуратурасымен есепке алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы қылмыс деңгейі -10,5%-ға (76-дан 68-ге дейін), аса ауыр қылмыстар 50%-ға (2-ден 1-ге дейін), ауыр қылмыстар 8,7%-ға (23-тен 21-ге дейін), ауырлығы орташа қылмыстар 21,7%-ға (23-тен 18-ге дейін) төмендегенін атап өткен жөн.
Жуалы аудандық
прокуратурасы