Basty bet

Судағы қауіпсіздік басты назарда!

Жаз – демалу үшін тамаша уақыт, ал су – денені сауықтырудың керемет құралы. Бірақ ол қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана пайдалы.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері сондай ақ, волонтерлармен бірлесіп, күнделікті Теріс өзенінің бойында рұқсат етілмеген жерлерде демалып отырған аудан тұрғындарына және қонақтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары кезінде азаматтарға тыйым салынған жерлерде шомылу ҚР ӘҚБТ кодекстің 364-бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
1. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық – жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Есіңізде болсын!
Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу – адамдардың, соның ішінде балалардың қаза болуының басты себебі.

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close