Basty bet
Ата Заң – Тәуелсіз елдің айбыны!
Қымбатты жуалылықтар!
Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!
Осыдан 28 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі негізін қалады.
Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын басты құжат. Уақыт сынынан сүрінбеген Ата Заңымыз бүгінде азаматтардың өзара бітімде өмір сүруіне жағдай туғызып отыр. Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.
Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді. Ата Заңда көрсетілген қағидалардың салтанат құруы бұл ішкі тұрақтылықтың кепілі. Заңдылықты бұлжытпай орындау, сақтай білу жауапкершілігі арқылы біз еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.
Ата Заңымыз – әділет пен тең құқықтың өлшемі. Сондықтан әрбір азамат өзін мемлекет міндетті түрде қорғай алатынын нық сезінеді, азаматтардың бостандығына нақты кепілдік беретініне кәміл сенеді.
Бүгінгі таңда Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастардың негізгі жақтарын реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарылатуда.
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Ата Заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асырып, мерейін тасытатын үлкен істерде жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жалғас МҰРТАЗА,
аудан әкімі