Basty bet
Ербол Қарашөкеев Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасын қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев алғашқы жұмыс аптасын облыс әкімдігіне қарасты басқармалардың, мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті өкілді органдардың жұмысымен, олардың бүгінге дейін атқарған қызметі мен алдағы жоспарларымен танысудан бастады.
Атап айтсақ, аймақ басшысы облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиевтің қатысуымен өткен жиында өңірде көппартиялық жүйені қалыптастыру мәселелері, тұрақты комиссиялар қызметінің нәтижелері, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамытудағы мәслихаттың рөлі төңірегінде пікірлесті. Аталған жиынға облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары да қатысты.
Жиын барысында Ербол Шырақпайұлы өкілетті органның рөліне тоқталып, алдағы уақытта да олардың атқарушы билікпен өзара ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеу қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі