Basty bet
АБАЙ БОЛ, СЕЛ ТАСҚЫНЫ!
СЕЛ ТАСҚЫНЫ – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс.
Сел қауіпі туындауының белгілері:
– қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жаңбырдың жаууы;
– сел қауіпті өзеннің бастауындағы мұздықтық көлдер мен олардың ақтарылу қаупін туғызатын ауа температурасының кенеттен және ұзақ уақытқа көтерілуі;
– өзендегі су деңгейінің кенеттен төмендеуі немесе көтерілуі, су лайлылығының артуы.
Сел тасқыны қаупі төнген кезде немесе туындағандағы қауіпсіздік ережелері.
Егер үй қауіпті аумақта орналасқан болса, алдын ала эвакуация кезінде алып кететін құжаттар тізімін, заттарды және дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Арнайы қапшықтарға (шабадан) құнды заттарды, жылы киімдерді, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмектерді салып қойыңыз. Кенеттен сел болғанда немесе басталғанда өзіңізбен жылы киімдерді алып, жергілікті жер бедерінің ең биік нүктесіне қарай көтеріліңіз. Алдын ала эвакуация кезінде үйден шығар кезінде электр, газ, су құбырларын өшіріңіз. Есік, терезе және ауа тазартқыш саңылауларды нықтап бекітіңіз. Сел жүріп өткеннен кейін сел жүрісінің қайталануынан, беткейлердің сырғуынан, зақымданған және иілген электр сымдарынан, зақымдалынған газ құбырларынан сақтану керек.
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі