Basty bet

Бұзақылық әрекет жастарға жат

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен полиция бөлімінің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткен жылы 29 іс-шара, әр демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар бекітілген болатын. Бекітілген жұмыс жоспарына сай, мекеменің жастармен жұмыс жөніндегі мамандары, заңгер және АПБ-ның қызметкерлерімен бірлесе түнгі рейдтік шаралар өткізілді.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, олардың ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім-тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу да негізгі мақсат ретінде көзделуде.
Алдағы уақытта да аталған мақсаттарға жету үшін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, рейдтік шаралар және өзге де жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Аудан жастары құқықбұзушылыққа жол бермей, жат әрекеттен бойларын аулақ ұстауы керек. Ол үшін сіз бен біздің бірлескен жұмысымыз нәтижелі болуы қажет. Жастардың болашағына және балалардың қауіпсіздігіне тек ата-ана ғана емес, біз де жауаптымыз.

Аудандық жастар
ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close