Basty bet
Былтыр 28 елді мекен ауызсумен қамтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, бүгінгі таңда өңіріміздегі тұрғындарды орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.
Жамбыл облысында осы бағытта өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 54 нысанның құрылысына 13,6 млрд теңге бөлінген.
Нәтижесінде 28 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізген.
Ал, ағымдағы жылы 49 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына 21,7 млрд теңге қарастырылған. Ал, жыл соңына дейін 25,7 мың адам қоныстанған 43 ауыл толыққанды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі