El іshі

94 жастағы әзиз анаға құрмет

Райхан Үсенбекова 1925 жылы Талдыбұлақ ауылында өмірге келген. Бүгінде 94 жасқа келген қазыналы қариямыз ауылдағы төрт жылдық мектепті бітіріп, еңбекке ерте араласады. Еңбек жолы соғыс жылдары егін алқабында бидай теруден, өгіз айдап, жер жыртудан, шөп тасудан басталған. Соғыстан кейінгі жылдары да колхозда әртүрлі жұмыстар істеді.
Жолдасы марқұм Балабек ата да колхозда ұзақ жыл еңбек етті.
Тылдағы ерен еңбегі үшін Райхан апамыз 1982 жылы «Еңбек ардагері» медалін иеленді. Сонымен бірге Ұлы Жеңістің 50 жыл, 60 жыл, 70 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталып келеді.
Райхан апамыз бүгінде Қошқарата ауылында немересі Дидардың қолында тұрып жатыр. Жақында Қарттар күні мерекесі қарсаңында ауылдық округ әкімі Жәнібек Мырзалиев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Андасбек Мырзалиев бастаған азаматтар анамыздың шаңырағына арнайы барып, әйел азаматы бола тұра соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, Отан үшін өзінің күш-жігерін, жастық шағын арнаған ерен еңбегі үшін аудандық мәслихаттың Алғысхатымен марапаттады.
Қариялар – ауылымыздың қазынасы. Сондықтан асыл жандарға деген құрмет әрдайым өз деңгейінде болуы керек.

Руслан Жүрсінбекұлы,
Қошқарата ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close