Basty bet
Жуалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, “Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің №181 бұйрығына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнынан 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
З.Бүрлібаев,
Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы