Basty bet
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР, ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗ – ӨТЕ ҚАУІПТІ!
Жылыту маусымының өтіп жатуына байланысты есіңізге саламыз!
Жылыту пештерінен шыққан түтінге улану жағдайларының 70% мұржаның талапқа сай болмауынан немесе дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың қырағы болып төмендегі ережелерді мұқият есте сақтағандары жөн:
Үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен ажырату құрылғыларын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады! Мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады;
Желдету және түтін каналдары мерзімді тексеруден өтуі керек:
– Жылыту маусымына дейін – маусымдық жұмыс істейтін газ аспаптары мен аппараттарының мұржалары;
– 12 айда кемінде 1 рет – асбест-цементтен, қыштан, ыстыққа төзімді бетонның арнайы блоктарынан жасалған кірпіш мұржалар, сондай-ақ желдету арналары;
Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексереді.
– Жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта орау керек;
– Іске қосылған мұржаның төбесін жабуға қатаң тыйым салынады;
– Мұржаның бас жағына құс ұя салмауына, сондай-ақ жауын-шашын тамбауына орайластырып жасалуы тиіс;
– Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өз бетінше қосымша қақпа (шибер) орнатуға тыйым салынады;
– Терезе (фрамуга), жалюздер және ванна бөлмесінің есігі астында ауа тартатын қуыс болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға болмайды.
Газ өнімдері толық жанбаған жағдайда, адам ағзасына зиян келтіретін тұншықтырғыш газ пайда болады!
Газды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзсаңыз, Сіз бізге ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіресіз.
Газ жабдықтары немесе жылыту пештері орналасқан бөлмелердің терезелерін түнгі уақытта жабық қалдырмаңыз, газ құралдары орнатылған жерді демалатын және ұйықтайтын бөлме ретінде пайдаланбаңыз!
ӨЗ ӨМІРІҢІЗДІ ЖӘНЕ СІЗГЕ ЖАҚЫН АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІН САҚТАҢЫЗ!
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жамбыл өндірістік филиалы