Basty bet
“Өрт қауіпсіздігі” айлығы өтуде
Жыл сайын жылыту маусымы кезінде, адамдардың өрттен қаза болуы мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жеке тұрғын үй секторын аралау арқылы алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Осыған орай Жамбыл облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н. Календеровпен 2024 жылдың 22 қаңтар – 22 ақпан аралығында тұрғын үй секторларында, автокөлік құралдарында және көпқабатты тұрғын үйлерде “Өрт қауіпсіздігі” айлығын өткізу жоспары бекітілді. Жоспар шеңберінде қызметкерлер аулаларды аралау арқылы рейдтер жүргізеді, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық еріктілер және т.б. өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралау жоспарланған. Бұл санаттағы адамдарға ерекше назар аудару міндетті болып табылады. Өйткені дәл осы санаттағы адамдар әрдайым өз үйлерін өрт қауіпсіздігі жағдайына аса назар аудару мүмкіндіктері бола бермейді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің тізімін құрастырды. Жуалы ауданы бойынша барлығы 357 тұрғын үй есепте тұр.
Жуалы ауданының ТЖ және ӨС бөлімі