Basty bet
Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет кезінде рәсімделетін құжаттар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздіктің алдын алудың бір жолы. Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік қызмет ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекция қызметкерлерімен көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау ҚР АШМ ВБжҚК аудандық аумақтық испекциясының Бас маманы ветеринариялық-санитариялық инспекторы арқылы жүзеге асырылады немесе электронды түрде өтініш берген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб порталы; WWW.EGOV.KZ. WWW.ELICENSE.KZ арқылы көрсетіледі.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы ҚР Ауыл шарушылығы министрінің «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығына сәйкес төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1. «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
2. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасы «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясында қабылданады.
Ал, аталған мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-қосымшасы «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы орындалады.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру:
Мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық инспектор объектіні зерттеп – қарауға дейін:
1. бақылау мен қадағалау жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын хабарландырады,
2. объектіні зерттеп қарауды жүзеге асырады,
3. объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді,
4. объектінің Ветеринариялық қағидаларға, Ветеринариялық талаптарға және «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық талаптарды бекіту туралы» ҚР АШМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен « Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық талаптарды бекіту туралы » ҚР АШМ м.а. 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 бұйрығымен «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру,сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық талаптарды бекіту туралы » ҚР АШМ м.а. 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №7-1/848 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкестігін тексереді.
5. 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныммен объектінің осы Қағидалардың 24-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ЭЦҚ-сы қойылған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды рәсімдейді.
7. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күнінің ішінде орындалады.
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмір беру қағидалары:
ҚР АШМ 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы не дара кәсіпкер ретінде (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік апқпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін ҚР АШМ 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету (есептік нөмір беру) өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Осыған орай, жеке және заңды тұлғаларға жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жуалы аудандық бөлімінде қабылдайтындығын хабарлайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекен жайы: Б.Момышұлы ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №93 үй. Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы. Инспекцияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар және қызметтер туралы стенділер қойылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің және сенім байланыс телефоны: 5-07-41. Электрондық адресі zhakipbekov.t@minaqri.qovkz.
Азамат Төлегенов,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің Жуалы
аудандық аумақтық инспекциясының
бас маман ветеринариялық-санитариялық
инспекторы