Basty bet

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Түркістан қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста №14 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Арқат Сейіткерім (М.Әуезов атындағы ОМ) жарыста екінші орын иеленіп, Қазақстан құрама командасының сапына алынды. Жаттықтырушысы Бақытжан Сәрсенбекұлы.
***
Тараз қаласында гір тасын көтеруден жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыс нәтижесінде №14 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Диана Абылхан (Д. Қонаев атындағы МГ) екінші орынды иеленді.

***
Қол күресінен жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында бірінші орынды Нұржауған Мұхатай және үшінші орынды Дәурен Батырхан иеленді.
Жаттықтырушылары Ерғали Сыздықбаев және Ернұр Суфан.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close