Basty bet
Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлтымызға ұстын болуға тиіс үш баған, он екі құндылық анық айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басымдық беріп келе жатқан үш баған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» және қазақ қоғамына қазық болуы керек он екі құндылық: Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Бірінсіз бірі жоқ, біріне бірі тірек, біріне бірі негіз үш баған мен он екі құндылық– елдікке де тірек, мемлекетке де негіз.
Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын осы он екі құндылық мүшелдей, он екі айдай, сағаттың он екі тіліндей біздің өмірімізге дендеп енбей, тамырымыздағы қандай зырламай, әріптей таңбаланбай, сандай жатталмай, қоғамның да жаңа бет-бейнесін жасай алмайтыны анық. Сөз ұғымға айналса, ұғым ұлағатқа айналса, ұлағат ұлттық ойлау жүйеміздің ұстынына айналатыны сөзсіз.
Сауранбек САРЫПБЕКОВ,
Қайрат ауылының имамы