Basty bet
Ұлттың, елдіктің, бірліктің биік мінбері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде, уақыттар арасындағы, ұрпақтар арасындағы, құндылықтар арасындағы диалогтың әлі де болса дұрыс орнамағанына, сол байланыстың босаңдығынан бірнеше жағымсыз жайттармен бетпе-бет келіп отырғанымызға да тоқталды. Мұның жүгі зиялы қауымның иығында екенін де айтты.
Ырысты шашар ысырапшылықтан, топты бүлдірер тәкаппарлықтан, қазына құмар қарақшылықтан, құлқынға тартар құмарпаздықтан, жалт берер жауапсыздықтан, тайғақ табанды тұрақсыздықтан, айласы көп айнымпаздықтан тыйылмақ керек.
Ұлттық құрылтай – ұлттың, елдіктің, бірліктің биік мінбері. Биіктен бірге емес, мыңға керек сөз айтылып келеді. Сол сөз – ойласар сөз, орнықты сөз, отаншыл жанның сөзі.
Ермек Абдиваитов,
аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры