Basty bet
Екпе алудың маңыздылығы турасында
Вакцинация – бұл инфекциялық аурулардан сақтандыруға, ал сырттан келетін жағдайда – инфекциялық ауруларды тоқтатуға және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Оларға қарсы екпе жасалатын инфекциялардың атаулары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен.
Ұлттық календарьға сай, халыққа 20 инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі. Қазақстанда халықты иммунизациялау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өту рәсімінен өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу рәсімі күрделі көпкезеңді процесс және оған вакцинаның сапасын зертханалық бақылау қосылады. Сонымен қатар, өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады.
Профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері ғылыми мәліметтерге және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсыныстарына негізделген. Мәселен, баланың ағзасына ананың антиденелері (антитела) беріледі және қысқа мерзімде ғана сақталады: дифтерияға қарсы екі-үш ай, қызылшаға қарсы 6 айға дейін, ал туберкулезге және «В» гепатитіне қарсы бала толық қорғалмаған болып туылады. Бұл ерекшеліктер, вакцинацияның мерзімдерін анықтағанда ескеріліп отырады. Осыған орай, бала туберкулезге немесе «В» гепатитіне қарсы туылған күнінің алғашқы күндерінде екпе алады, ал дифтерияға қарсы екі-үш айлығында екпе алады.
Әр мемлекеттің өзінің бекітілген профилактикалық екпелерінің календары бар. Елдің өмір сүру деңгейінің жоғары болуына қарай, инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін екпелердің де тізімі кең.
Кей елдерге профилактикалық екпелері болмаса, кіруге тыйым салған. Мәселен, Сауд Арабиясына қажылыққа баратындар үшін менингококк инфекциясына қарсы, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және Африка континентінің басқа елдеріне бару үшін сары қызбаға қарсы вакцинация қажет.
Балалар мен ересектерге жүргізілген жоспарлы вакцинацияның арқасында бүгінгі күні көптеген инфекциялық аурулардың анағұрлым азайғаны байқалады:
Ескеретін жайт, ұжымдық (популяциялық) иммунитетті қалыптастыру өте маңызды. Ұжымдық (популяциялық) иммунитет – инфекцияның ауруды тез қабылдағыш адамнан басқа адамға жұғу мен таралу қаупін азайтудағы қоғамдастықтардың инфекциялық ауруларға қарсы тұра білу қабілеттілігі, белгілі бір топтағы тұлғаларды (мақсатты календарлы жастағылар, қауіп-қатер тобындағы тұлғалар) вакцинациямен жоғары деңгейде қамтумен жүзеге асады.
Екпелер тек өз денсаулығын қорғау үшін жүргізілмейді. Ол сондай-ақ қоғамның саулығы үшін де жүргізіледі (ауырған адам инфекцияны таратушы болуы мүмкін және басқа адамдарға қатер төндіреді). Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың иммунизациялауға жататын тобының 95 %-ін екпемен қамту керек.
Ескеретін жағдай, халықты иммунизациямен толық қамтымау, әсіресе, бірнеше жыл қатарынан инфекцияны тез қабылдағыш тұлғалардың жиналуына әкеледі, соның әсерінен инфекциялық аурулардың өршуі туындайды.
Адамзат тарихы дәлелдегендей, денсаулық сақтау саласына араласудағы ауру деңгейі мен өлім-жітімді азайтудағы ең тиімді әрі қауіпсізі ол – иммунизация.
Әрине екпе салдырудың алдында белгілі процедуралар жүргізіледі. Профилактикалық екпе салдырудың алдында медицина қызметкері екпе салдыратын тұлғаны тексеріп көреді. Медицина қызметкері екпе салдырушы тұлғаға немесе оның заңды уәкіліне профилактикалық екпе туралы толық әрі жан-жақты ақпарат береді, туындап қалатын кері әсері, екпеден бас тартудың зардабы, вакцина салдырғаннан кейін болатын асқынулар жайлы айтады. Сонымен қатар, өз балаңызға вакцинация жүргізу мәселесін шешу кезінде, негізі жоқ, ешқандай ғылыми мәліметтерге сүйенбеген, медициналық білімі жоқ кез-келген адам сала салған интернеттен алынған мәліметтерге сүйенбей, ең алдымен ғылыми дәлелденген ақпараттарды, вакцинопрофилактика саласындағы ғалымдардың еңбектерін оқып, байлам жасау керек.
Әрбір ата-ана: «балама екпе салдыру керек пе, жоқ па?» деген таңдаудың алдында тұрады. Дегенмен, ата-ананың білуі қажет нәрсе, уақтылы жасалған екпелер баланы аурудың ауыр түрінен сақтауға көмектеседі және әрі қарай инфекциялық ауруларды жұқтырудан сақтайды. Балалардың барлығы алдын алуға болатын барлық жұқпалы аурулардан қорғалуы тиіс!
Қалбике СӘРСЕНОВА,
аудандық орталық аурухананың
балалар дәрігері