Basty bet

Ербол Қарашөкеев Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсен бастаған делегациямен кездесті.
Кездесуге Германияның ірі компанияларының өкілдері де қатысты.
Тараптар өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдар неміс кәсіпкерлеріне инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде Моника Иверсен Қазақстан мен Германия аймақтарын түрлі салалардағы, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша көпжылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.
Жамбыл облысының Германиямен тауар айналымы 2023 жылы 11,1 млн АҚШ долларын құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артты, оның ішінде экспорт 19%-ға, импорт 2,3 %-ға өсті.
Делегация өкілдері түрлі салалардағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұл басқосу екі елдің іскер топтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close