Qoǵam
Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүше сайланды
Апта басында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Б.Момышұлы ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулысы және аудандық мәслихаттың шешім жобасын қарап, қорытынды беру туралы және аудандық қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған азаматтық қоғамнан өкілдік ететін мүшесін сайлау үшін қосымша конкурс өткізу туралы мәселелер қаралды.
Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев ашып, жүргізді. Ол жиынға қатысушыларды отырыстың күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Жиында бірінші кезекте, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелігіне құжат тапсырған кандидат таныстырылды.
Одан кейін аудандық қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі бірінші мәселені келесі отырыста қаралуын қолдады.
Аудандық қоғамдық кеңестің шешімі:
1.Маңызды мәселе болып саналатын Бауыржан Момышұлы ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы және аудандық мәслихаттың шешім жобасы, ұсыныс беруші Б.Момышұлы ауыл әкімі тарапынан «немқұрайдылық» танытылып, жауапты маманның хабарлама жасамағаны ескеріліп, қорытынды беру келесі отырысқа қалдырылсын.
2.«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 заңының 9-бабы, 9-шы тармағына және «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министірінің 2021 жылғы 20 ақпандағы №69 Бұйрығының 35, 36, 37, 39-пункттеріне сәйкес, ашық дауыс берудің нәтижесінде, (бірауыздан) Турткулбаева Джанаркуль Қудайбергеновна аудандық қоғамдық кеңестің құрамына мүше болып сайлансын.
Аудандық қоғамдық кеңес