El іshі

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы Хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
E-4 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
E-G-3 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

№ Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
теңгеден теңгеге дейін
1 Е-4 226 837 260 564
2 E-G-3 195 549 224 624

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080300, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №12, №22 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8(72635) 2-16-69, 2-13-81, e-mail: m.turmagambet@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас маманы (санаты Е-4, 1 бірлік), (Лауазым №4-06-1-11):
Функционалдық міндеттері:
А блок. Аудан әкімі әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерінің дербес істерін жүргізу. Аудан әкіміне, аудандық әкімдікке қызметіне сәйкес қаулы жобаларын, өкім әзірлеу. Бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік наградалар бойынша, оның ішінде көп балалы аналардың құжаттарын дайындау. Мемлекеттік органдармен ұсынылатын қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, аудан бойынша мемлекеттік наградалар жөніндегі құжаттарды дайындау мен жүргізу, аудан әкімінің «Құрмет» грамотасына және «Алғыс» хатына ұсыну құжаттарын дайындау. Ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлық мәселесі бойынша жұмыстарының орындалуын қадағалау. Мемлекеттік органда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және «Еңбек Кодексі» талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Аудандағы барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәліметтерді «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізу. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілерге өкім жобасын дайындайды және тұрақты түрде тиісті құжаттарды рәсімдеп, жинақтап отырады. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі облыстық аймақтық орталығының оқу жылына арналған жоспар-кестесінің орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады және бақылау жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы.
Мамандығы: Педагогика және психология немесе құқық және экономика негіздері немесе информатика немесе география немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе философия немесе тарих немесе филология немесе халықаралық қатынастар немесе саясаттану немесе психология немесе қоғамдық байланыс немесе экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе статистика немесе информатика немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.
Қазақстан Республикасының «Еңбек» және «Азаматтық» Заңнамаларын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – әлеуметтік сала маманы (санаты E-G-3, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-5-4):
Функционалдық міндеттері:
B блок. Ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала бойынша жұмысты жүргізу,ауыл бойынша аз қамтылған отбасылар есебін жүргізу.
Шаруа немесе фермер қожалықтарын, орта және кіші кәсіпкерлік субьектілерін, ауыл шаруашылығы, өндіріс нысандарын есепке алып, оларға заң талаптарына сай кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолдау көрсету. Діни тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына бағытталған тиісті іс-шараларды ұйымдастыру. Іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, ауылдық округі әкімінің құзіреті шеңберінде анықтамалар беру, аз қамтамасыз етілген отбасылармен жұмыс істеу.
Ауылдық округ әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, аудандық әкімдігі нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы.
Мамандығы: Педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.
Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық Заңнамаларын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты E-G-3, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-8-3):
Функционалдық міндеттері:
B блок. Ауылдық округ жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау. Ауылдық округ аймақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру. Ауылдық округі аумақтарында жануарлардан жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеренариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды. Шаруа қожалықтармен және шаруашылық есеп кітабымен жұмыс жасайды. Ауылшаруашылығына қатысты басқа да ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды. Шаруашылық кітаптың есебін жүргізеді және ондағы барлық мәліметтерді компьютерлік базаға енгізіп отырады. Округтегі ауылшаруашылық құрылымдарының егіс көлемдерін анықтап, шөп және егін науқанының орындалу барысы туралы тиісті орындарға ақпарат және статистикалық есеп береді және қадағалайды. Өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастырады.
Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, аудандық әкімдігі нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу.
Іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы.
Мамандығы: Педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.
Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық Заңнамаларын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп столының инспекторы (санаты E-G-3, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-2-5):
Функционалдық міндеттері:
B блок: Ауыл бойынша есепте тұрған әскер қатарына шақырылушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, әскери міндеттілер мен запастағы офицерлерді тіркеу кітабын жүргізу.
Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ауылдық округ бойынша барлық әскери міндеттілер мен запастағы офицерлердің алғашқы карточкаларына тиісті мәліметтерді жазып толтырады. Жұмылдыру дайындығы бойынша әскери міндетті азаматтардың қайда жүргендігін анықтайды, жұмылдыру жұмысы бойынша тапсырылған міндеттерді дер мезгілінде орындайды.
Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, аудандық әкімдігі нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу.
Өз құзіреті шегінде ауылды сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеу, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту іс-шаралары бойынша екі айлық өткізу барысының орындалуын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: Педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.
Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық Заңнамаларын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Қажетті құжаттар тізбесін, өтініш және қызметтік тізім нысанын аудан әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy?lang=kk

Таңдаулы материалдар

Close