Qoǵam

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың 1-ші тоқсанындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Департаментпен 2024 жылдың өткен мерзімінде заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша 9 нысан аудиторлық ісшарамен қамтылды.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 9 нысанда жалпы сомасы 2 371,7 мың теңге құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 1 765,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 606,4 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 530,7 мың теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1765,9 мың теңгеден қолданылған шаралар арқылы 182,8 мың теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 10,4 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 5 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 3-әкімшілік материал салу – 1,9мың теңге, өндірілгені – 1,9 мың теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша және келіп түскен шағымдар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылдың1 тоқсанында 10 739 мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 2474 сатып алуларға хабарламалар жолданды, яғни 23% мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.
Тапсырыс берушілер тарапынан мемлекеттік сатып алулар кезінде жіберілетін негізгі бұзушылықтар:
1. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қарау.
Бұзушылықтар әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерін негізсіз қабылдау/қабылдамау, сатып алу нәтижелеріне әсер ететін өтінімдерге шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану/қолданбау болып табылады;
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын әлеуетті өнім берушілерге белгілеу.
Көрсетілген себептер шағым жасалған сатып алулар санының артуына, конкурстық (аукциондық) комиссияның заңсыз шешімдеріне байланысты сатып алудың ұйымдастырушысына сенімсіздік білдіруге ықпал етеді, сондай-ақ бюджет қаражатының уақтылы және тиімді игеруіне және үнемделуіне теріс әсер етеді.
Айта кету керек, ұйымдастырушылар толық орындалмауы, нұсқамаға сәйкес емес орындалуы әкімшілік ауыртпашылыққа және бюджет қаражатының уақтылы игерілмеуіне әкеледі.
Департамент тарапынан жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды тиісінше орындамағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 5 хат жолданды, 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, соттың қарауына жіберілді.

М.Егембердиев,
Жамбыл облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close