El іshі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөлік иелері есте сақтауы тиіс:
– әрбір көлік құралы көлемі екі литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын және оны қолдана білу керек.
– автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
– аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.
Егер, сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
– Көлікті тоқтатыңыз;
– Қозғалтқышты өшіріңіз;
– Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпаңыз;
– Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
– Өртке қарсы қызметке «101»телефон нөміріне немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
– Егер, қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз;
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі оның алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!

аудандық ТЖБ және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close