El іshі

Жазғы лагерь көңілді

Жаз басталып, күн жарқырай түсті. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерьге асығады.
Биыл да міне, Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектептің жанынан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері, қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық алаңда басталды.
Кеше мектеп жанындағы “Балдәурен” жазғы лагері «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің!» тақырыбында ашылу салтанаты өтті.
Жазғы лагерьдің басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалардың жазғы демалыс кезеңде бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.
Бүгінгі лагерьдің ашылуында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен балалар көңілді ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнады. Мереке соңында балаларға әлеуметтік педагог пен лагерь тәрбиешілері, ұстаздарының ұйымдастыруымен тәтті балмұздақ таратылды.

Айнұр Мөриева,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close