El іshі

170 дана кітап сыйға тартылды

Аудандық орталық кітапханада«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясы өтті.
Шараның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтырып, оқырман мен кітапхана арасын нығайту.
Акцияға аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, медицина саласының ардагері Сейітхан Жұмашев қатысып, 170 дана медициналық кітаптарды сыйға тартты.
Сейітхан Шерелханұлы өз сөзінде, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін және бұл кітаптар жас дәрігерлерге таптырмас құрал болатынын айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта медицина мамандарын кітап оқуға, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, кітапханаға берілген еңбектерді алып оқитындығына сенім білдірді.
Өз кезегінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Біләнқызы С.Жұмашевқа алғысын білдіріп, кітапхананың қоры жаңа кітаптармен толыққанын қуанышпен жеткізді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Таңдаулы материалдар

Close