El іshі

ЖАСТАР БҮЛІКТІ ЕМЕС, РУХТЫ КӨТЕРУІ ТИІС

Елімізде болып өткен жағдай баршамызға оңай тиген жоқ. Бұл ic-әрекетті жасағандар елге еш жаны ашымайтын адамдар екенін көрсетті. Мұндай қадамдармен мемлекетіміз алға баспайды. Олар кейіннен анықталғандай, бұзақы, содырлық топ болып шықты. Бірақ сол содырлық топқа әр жергілікті жерден қосылып, олардың қарасын көбейткендер болды.
Біздің мемлекетке қазір жанжал, бүлік, айқай керек емес. Біздің елге рухымызды көтеретін патриот жастардың жалыны керек. Мен күші бойына сыймай алаңға шығып жүрген жастардан сондай патриоттық қадамды сұранар едім.
Спортпен айналысамын, елімнің атын шығарамын деген азаматқа мемлекет бар жағдайды жасап қойды. Елде жақсылық, татулық, бірлік болсын.

Ақжүрек ТАҢАТАРОВ,
еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Таңдаулы материалдар

Close