Qoǵam
Балалардың отпен ойнауы қауіпті
Отпен ойнап, опық жеген балаларды көргенде, өрт қауіпсіздігі туралы сөз қозғамасқа болмайды. Әсіресе қазіргі қызықты каникул күндері емін-еркін ойнап-күліп, өз билігі өзіне берілген бүлдіршіндердің тентектігінен де, білместігінен де тілсіз жау қайда деме, іргемізде деп аса абай болған жөн.
Жас балаларды үйде бақылаусыз тастауға болмайды. Олардың отпен ойнауына ата-аналар тарапынан қатаң тиым салынуы керек.
Бүгінде мыңдаған жас жеткіншек жазғы демалыс лагерлерінде демалуда. Олардың көбісі қала сыртында, кәсіби өрт сөндіру және дәрігерлік көмек көрсету мекемелерінен шалғай орналасқан. Сондықтан да мұндай жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінуі шарт. Бұл да балалар өмірі қауіпсіздігінің басты бір кепілі болып табылады.
Өрт қауіпсідігі туралы ойын баласына түсінік-тәрбие жұмысы да, демалыс орын территориясының тазалығы да назардан тыс қалмауы және бұл іске, әрине, ең бірінші кезекте басшылар мен тиісті мамандар жауап берулері керек. Барлық территория және жақын аймақ тез жанатын бөгде қалдықтардан таза болғаны абзал. Алғашқы өрт сөндіретін құралдар сақадай сай болып, оларды басқа мақсатқа пайдалануға тиым салынады. Жауапты адамдарды тағайындап олар жиі-жиі тексерулер өткізіп тұрулары қажет.
Бірақ, бала ісі –шала демекші, балардың ойынынан зардап шекпесіміз үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбай, сақтау баршамыздың төл ісіміз болуы тиіс.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
№7 Өрт сндіру бөлімі