Basty bet
Жуалы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына
Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, жиырма үшінші, сессиясы 2024 жылғы 19 маусымда сағат 11-00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында келесі күн тәртібімен өтеді:
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Жуалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
2. 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
3. Б.Момышұлы ауылы және Көкбастау, Қошқарата, Нұрлыкент ауылдық округтер әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
4. Аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
5. Әртүрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 маусымда сағат 09-30 өтеді.