Basty bet

Жазушымен кездесті

Бақалы ауылдық мәдениет үйінде «Балғын ұрпақ бақытым» тақырыбымен журналист-жазушы Марат Құлибайұлымен кездесу өтті. Балалар жазушысымен кездесуге Бақалы бастауыш мектебі мен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары қатысты.
Мәдениет үйінің маманы Шыңғысхан Ералиев балалар жазушысы Марат Құлибаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырып өтті. Осыдан кейін сөз кеш қонағына берілді. Өз кезегінде жазушы шығармаларының жазылу тарихымен таныстырып, ондағы кейіпкерлердің өмірден алынғанын айтты. Арасында «Көксерке», «Орындалған арман», «Қарынбай», «Қолқанат» атты әңгімелерінің қалай дүниеге келгенін айтып, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Кеш барысында оқушылар жазушыға сұрақтар қойды. «Мейірім», «Апамның аялы алақаны» және «Қолқанат» кітаптарының авторы Марат Құлибайұлы оқушылардың сұрақтарына өз шығармаларынан мысалдар келтіре отырып жауап берді.
Кешті мәдениет үйінің маманы Шыңғысхан Ералиев қорытындылады.

Бақалы ауылдық
мәдениет үйі

Таңдаулы материалдар

Close