Basty bet

Аудан билері дауды сотқа жеткізбей шешуде

Ауданда тұрғындар арасында болып жатқан даулардың арасына татуластыру үшін араласып отырған, Билер кеңесінің мүшелері бүгінгі таңда тұрғындар арасында танымал қарияларымыз болып отыр.
Сотқа жеткізбей дауласушы екі тарапты татуластырып, бітімге келтіріп, батасын беріп дауды тоқтатқан Би медиаторлар, жергілікті тұрғындардың құрметіне бөленіп жатыр.
Билердің атқарған көрсеткішіне келетін болсақ, ағымдағы жылдың бес айында, сотқа дейін алты әкімшілік, 11 азаматтық дау, сот барысында 44 азаматтық, үш қылмыстық, 50 әкімшілік іс Билердің қатысуымен бітімгершілікпен тоқтатылған.
Еңбек, отбасылық, жер, қарыз өндіру, алимент өндіру, балағаттау, денсаулыққа зиян келтіру және т.б. дауларды татуластырып тоқтатып жатқан Билеріміз жыл сайын жоғары көрсеткіштерге ие.
Жергілікті халықтың сеніміне ие болып отырған қарияларға аудан тұрғындары жолығып, өздеріне қатысты дауларды шешуде жүгінуге әбден болады. Әр дауды сотқа жеткізбеуге тырысып Билердің көмегімен шешуге тұрғындардың мүмкіншілігі бар.

Аудандық билер кеңесінің мүшелері:
№ АТӘ Тұрғылықты мекен жайы Қызметі Байланыс телефондары
1 Дүрәліұлы Аманжол Қайрат ауылы, Манап Әлімбекұлы көшесі № 8 Зейнеткер Үй тел.:
2-32-19 Ұялы тел: 87025256409
2 Тоқбергенов Сағындық Қарасаз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі № 13/1 Зейнеткер 8 Үй тел.: 726-35-2-44-46 Ұялы тел.: 87774083240
3 Рахметов Мұратқали
Төбе би Б.Момышұлы ауылы, Әйтеке би көшесі № 52 Зейнеткер 2-23-80 Ұялы тел: 87774306705
4 Алиева Раушан Б.Момышұлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 39 Зейнеткер Ұялы тел: 87029936640
5 Медетбек Сейтқазы Әбдірұлы Б.Момышұлы ауылы, Жібек жолы көшесі № 42 Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы мешітінің имамы Ұялы тел: 87011438656

Рахат Мұсабек,
Жуалы ауданы сот әкімшісінің
бас маманы, сот жасауылы

Таңдаулы материалдар

Close