Qoǵam
Алкоголь өнімін таңдауда нені білу қажет?
Бүгін алкогольді ішімдіктер өзінің әр түрлілігімен таң қалдырады. Олар әрдайым сұранысқа ие. Олардың әртүрлілігі туралы қарапайым ұғымдармен қатар, алкогольді пайдаланудың зат таңбаларын білу керек.
Алкоголь өнімін таңдағанда сусындардың бағасына назар аудару қажет: сапалы алкоголь арзан болмайды. Сондай-ақ, шөлмектің сыртқы түрінде мін болмайды, яғни шөлмек кірленбеуі, сынықтары болмауы, қалпақшасы айналмауы тиіс, шөлмектің ішіндегі құрамы қоспасыз, тұнбасы және басқа да бөгде қосылыстары жоқ болуы тиіс.
Әсіресе, этикетканы мұқият зерттеу керек. Ол дәл желімделген болуы керек, ал оған жазылған ақпарат оңай оқылуы керек. Сатылатын алкоголь өнімі атауы, бағасы, өндірушінің атауы (заңды мекенжайы), алкоголь өнімінің шыққан елі, алкоголь өнімін сертификаттау немесе оның сәйкестігін декларациялау, алкоголь өнімі талаптарына сәйкес келуі тиіс мемлекеттік стандарттар, тұтыну ыдысындағы алкоголь өнімінің көлемі, негізгі ингредиенттердің атаулары, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен салыстырғанда денсаулыққа зиянды заттардың құрамы және оны қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы ақпаратпен сүйемелденуі қажет. Сатып алынатын алкоголь сусындарының сапасына сенімді болу үшін тұтынушы тауардың әрбір атауы бойынша сәйкестікті міндетті растау туралы мәліметтерді қамтитын тауарға тауар-ілеспе құжаттамамен танысуға құқылы. Бұл құжаттар жеткізушінің немесе сатушының орналасқан жері (мекенжайы) мен телефоны көрсетіле отырып, оның қолымен және мөрімен куәландырылуы тиіс.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті алкогольді ішімдіктерді тек белгіленген орындарда ғана сатып алуға кеңес береді. Бұл тиісті лицензиясы бар сауда ұйымы. Бөлшек сауда құқығына лицензия туралы ақпарат, әдетте, сауда ұйымдарына сатып алушы үшін көрнекі және қолжетімді нысанда орналастырылады.
Алкоголь өнімін айналымға шығаруға және оны мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға шығаруға «Алкагольдік өнімдердің қауіпсіздігі туралы» ЕЭО Техникалық регламенттің (ТР ЕАЭС 047/2018), сондай-ақ іс-әрекеті оған қолданылатын Одақтың басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген кезде жол беріледі. Осы техникалық регламенттің, сондай-ақ оған қолданылатын Одақтың басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен алкоголь өнімінің Одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.
Толық ақпаратты Сіз Қазақстан Республикасы Сауда және Интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен ала аласыз. Біздің мекенжайымыз: Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, №27, Тел: 45-42-07.
Е.Алтынбеков,
техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы