Basty bet
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ
Қазақ халық ертегілер ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан маңызды саласы болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра.
Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заманда болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп, мән-мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өсіп, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз.
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасының жазғы сауықтыруға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Ертегіде қонақта» тақырыбы аясында «Түлкі, қоян және әтеш» атты ертегі қойылымы өткізілді. Ертегі қойылымының мақсаты – ертегі арқылы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру. Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың сөздік қорын байыту; ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; кейіпкерлердің іс-әрекеттерімен дауыс ырғағын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу. Балабақша тәрбиешілері және педагогтары «Түлкі, қоян, және әтеш» ертегісін сомдап музыкамен көркемдеді. Балалар ертегіні қызықты көңіл-күймен тамашалады.
Лаура УКСИКБАЕВА,
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасының денешынықтыру нұсқаушысы