Basty bet

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті даламыз Сарыарқаның төріндегі айбыны асқақтаған Астана қаласы елдің бойтұмарына айналып, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Еліміздің елордасы – саяси көшбасшылар, іскер серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның бас қосып, келелі кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.
Біздің жас та көркем, жасампаз елорданың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі биіктеп келеді. Қай-қайсымыз да елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Баршаңызды осынау қуанышты мерекемен құттықтаймын! Қасиетті өңір тұрғындарына мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!

Зиядхан БҮРЛІБАЕВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close