Basty bet

Әдептілік негізі

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талап. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
Әдептілік – адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбиенің жемісі. Кез келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамды болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс. Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі – қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады.
Қорыта келе, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау – әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сенімге селкеу түсірмеу – әрбір мемлекеттік қызметшінің қызметтік және азаматтық міндеті!

Қайнарбек БЕДЕЛБЕКОВ,
Жетітөбе ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close