Basty bet
Егінді өрттен сақта
Өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау үшін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаменті өртке қарсы қандай іс-шараларды өткізу керектігін тағы да еске салғысы келеді:
– ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының және т. б. басшылары өртке қарсы қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындасын, механизаторлармен өртке қарсы нұсқама өткізсін, егін жинау науқаны кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау ұйымдастырсын;
– егін жинау машиналары мен тракторлар егін алқаптары мен шабындық жерлерге шығар алдында оларды жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау, өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау,
– егін жинау және пісіп-жетілу кезеңінде егістікті қорғау үшін шолғыншы және далалық айналып өтушілерді бөлу;
– орман алқаптарына, дала жолағына, автожол мен темір жолдарға іргелес жерлердегі астық алқаптары белдеумен шабылуы және жыртылуы тиіс (ені кемінде 4 метр),
– нан жинау кезеңінде орылған шөпті, өсімдік қалдықтарын жағуға және егістіктерде от жағуға тыйым салынады.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ