Basty bet
«Тараз – қолөнершілер қаласы» фестивалі
«Құрақ құрау – бірігудің белгісі» атты құрақшылар фестивалі өтті
Қазақ халқының ертеден бүгінге өшпей жеткен қолөнерінің бірі – құрақ құрау. Астарында үлкен тәрбие жатқан бұл өнер түрі әлі күнге ел санасынан өшкен жоқ. Керісінше соңғы жылдары халықтың қызығушылығын оятып, күнделікті қолданысқа кеңінен ене бастады. Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының, құрақ құрау өнерінің тарихы тереңде. Әрі берер мағынасы да түрлі мән мен тәрбиеге толы.
Ұлттық қолөнерді жаңғыртып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету, халықтық құндылықтарды насихаттау, құрақ өнерімен айналысудың пайдасы – адамды шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында өткен аптада облыстың орталығы Тараз қаласындағы Төрткөл сарайында «Тараз – қолөнершілер қаласы» ІІІ халықаралық қолөнершілер фестивалінің аясында «Құрақ құрау – бірігудің белгісі» атты аудандық құрақшылар фестивалі өтті.
Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған фестивальге өңір ісмерлері де белсене қатысып, қолөнер туындыларын таныстыруға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Қызыларық ауылдық округінен Ұлданай Мұстафаева, Көкбастаудан Рахима Рысбаева, Бауыржан Момышұлы ауылынан Мөлдір Қадырова, Нұрлыкент ауылынан Роза Жаңабаева, Боралдайдан Төлебала Сүңгібаева, Билікөлден Мейрамгүл Шығамбаева, Қарасаздан Жазира Дәуренова және Қошқарата ауылдық округінің ісмері Нұржамал Өмірәлиеваға Алғысхат пен сый- сияпаттарға ие болды.
Аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы